Контентке өту

«Әлемде жалғыз Қабатов па?» – әйелі желідегі әңгімеге нүкте қойды

«Әлемде жалғыз Қабатов па?» – әйелі желідегі әңгімеге нүкте қойды
ашық дерек

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы Айман әлеуметтік желіде қызу талқы тудырған жазба жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Ол отбасы мен жеке өміріне қатысты айтылып жатқан сын-пікірлерге жауап беріп, хейтке қарсы өз көзқарасын ашық білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Айманның сөзінше, соңғы уақытта желіде Қабатовтың есімі жиі түрлі мақсатта қолданылып, негізсіз әңгімелер мен алыпқашпа сөздер көбейген. Ол жеке өмірдің көпшілік талқысына түспеуі керектігін атап өтіп, әр адамның өз тағдыры бар екенін еске салды.

«Қазір елдің көзіне түсу үшін кім көрінген Қабатов деген атты пайдаланып жүр. Әлеуметтік желіде ойына келгенді жазып, өсек пен қаралау көбейді. Әлемде ажырасу тек бір адамға ғана тән емес қой. Бұл – талқылайтын тақырып емес. Жеке өмір – сол үшін жеке деп аталады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Айман өнердегі табыс пен танымалдықтың Алланың берген сыйы екенін айтып, оны ешкім тартып ала алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, кейбір жандар Қабатовтың беделінің төмендеуін күтіп жүргенімен, өнер мен халықтың ықыласын ешкім жоққа шығара алмайды.

Жазба соңында ол көпшілікті өзгенің өмірін емес, өз тіршілігін ойлауға шақырды.

Дегенмен, Айманның бұл пікірлері желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция туғызып, қызу пікірталасқа ұласты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты