Контентке өту

“Бір адам 5-6 мамандықты қатар алып жүре алады” – Мөлдір Мұқан заманауи тәрбие жайлы айтты

“Бір адам 5-6 мамандықты қатар алып жүре алады” – Мөлдір Мұқан заманауи тәрбие жайлы айтты
ашық дерек

Мөлдір Мұқан қазіргі қоғамда адам жан-жақты дамуы тиіс екенін айтып, қыздарына беретін тәрбиесі туралы ойымен бөлісті. Ол сұхбат барысында бүгінгі заманда бір ғана мамандықпен шектелу жеткіліксіз екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің айтуынша, жастар тек өз саласымен ғана шектелмей, бірнеше бағытта қатар дамуға ұмтылуы керек. Әсіресе шығармашылық адамдар үшін бұл маңызды.

«Қыздарыма “өздеріңе сеніңдер” деп үйретемін. Қазіргі заманда адам үнемі даму үстінде болу керек. Тек ән айтып немесе бір салада ғана жүруге болмайды. Әнші болсаң — өз контентіңді өзің жүкте, таралуына өзің еңбек ет. Бір адам 5-6 мамандықты қатар алып жүре алады», — деді ол.

Сондай-ақ, ол қазіргі мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті. Айтуынша, қызы Әдемі оның әндерін түрлі платформаларға жүктеп, осы арқылы табыс тауып жүр.

Мөлдір Мұқан ана ретіндегі ұстанымын да жасырмады. Өзін “жұмсақ анамын” деп сипаттаған ол балаларымен ашық сөйлесуді дұрыс санайды.

«Ұрыса алмаймын, өйткені өзім ондай тәрбиені көрмедім. Балаларыммен бәрін сөйлесіп шешеміз. Жұмсақ екен деп олар еркелеп кетпейді, бәрінің орнын біледі», — деді әнші.

Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік заманауи тәрбие мен өзін-өзі дамыту тақырыбына қатысты түрлі ой білдіруде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты