Контентке өту

Бір түнде бәрі өзгерді: Азамат Сатыбалды жедел отаға түсті

Бір түнде бәрі өзгерді: Азамат Сатыбалды жедел отаға түсті
ашық дерек

Танымал актер денсаулығына байланысты жоспарланған спектакльге қатыса алмай қалғанын мәлімдеді. Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарынан кешірім сұрап, жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, 19 сәуір күні «Зулейха» спектаклін ойнап, үйіне оралған. Алайда сол түні аяқ астынан денсаулығы күрт нашарлаған.

«Түнгі сағат 12-де басталған дүлей сырқат жанымды қоярға жер таптырмады. Түрлі дәрі ішкеніммен, жағдайым жақсармады. Таңғы төртке дейін қиналдым. Ақыры жедел жәрдем шақыруға тура келді», – дейді актер.

Дәрігерлер тексеруден кейін шұғыл түрде ота жасау қажеттігін айтқан. Актер бастапқыда алдағы спектакльге байланысты операцияны кейінге шегеруді сұрағанымен, мамандар мұның мүмкін еместігін жеткізген.

«Бұл не деген сұмдық, қандай спектакль? Дереу ота жасау керек деді. Көнбеске амал жоқ, жан тәтті», – деп бөлісті ол.

Ота сәтті өткен. Қазіргі таңда актердің жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.

Өнер иесі медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Дәрігерлерге алғысым шексіз. Барлығы жедел әрекет етіп, көмектерін аямады. Жағдайымды үнемі сұрап, бақылап отыр», – деді ол.

Сонымен қатар актер көрермендерден кешірім сұрап, денсаулықтың қадірін бағалауға шақырды.

Алайда оның ішінде бір өкініш қалған.

Актер белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановмен қоштаса алмағанын айтты.

«Жақсы көретін ақыным еді. Нар тұлғалы азамат болатын. Алла алдынан жарылқасын. Жаны жәннаттың төрінде болсын», – деп жазды ол.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты