Контентке өту

«Келінжан» жұлдызы Нұргүл Мыңғатова ана атанды

«Келінжан» жұлдызы Нұргүл Мыңғатова ана атанды
ашық дерек

Танымал актриса, көпшілікке «Келінжан» сериалындағы Балқия рөлі арқылы кеңінен танылған Нұргүл Мыңғатова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі дүниеге қыз бала әкелгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актрисаның айтуынша, бұл – отбасы көптен күткен ерекше сәттердің бірі. Ол арнайы видео жариялап, тұңғыш ұлының енді қарындасты болғанын қуанышпен жеткізді.

Сонымен қатар, Нұргүл Мыңғатова ізгі тілегін жолдап, ақжарма құттықтау айтқан оқырмандарына алғысын білдірді. Желі қолданушылары да актрисаны жылы лебізге толы пікірлерімен құттықтап жатыр.

Өнердегі әріптесі Дариға Бадықова да актрисаның қуанышына ортақтасып, ақ тілегін арнады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты