Қазақстандық блогер әрі биші ресейлік рэпертың Алматыдағы концертіне қатысты жағдайды ашық айтып, ұйымдастырушылар командасын сынға алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Блогердің Threads желісіндегі жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.
Aanelyin айтуынша, оның командасы концерт барысында өнер көрсетуі керек болған. Алайда дайындық кезінде ұйымдастырушылар тарапынан көрсетілген қарым-қатынасқа көңілі толмаған.
«Мен бұл салада ұзақ уақыт жүрген адаммын. Концерттердің қалай өтетінін, ұйымдастырушылардың қалай жұмыс істейтінін білемін. Сондықтан қонақ болып келген жерде сыйластық болуы керек деп есептеймін», – деп жазды ол.
Кейінірек блогер Threads-та жариялаған тағы бір жазбасында аудиода сөйлеген адамның хореограф екенін нақтылады. Оның сөзінше, бишілердің сахнаға шығуы концерт үшін үлкен артықшылық болғанымен, команда ішінде түсініспеушілік орын алғанын ешкім ашық айтпаған.
Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі кейбір пікірлерге де жауап беріп, мәселенің ұлтқа немесе шетелдік әртістерге қатысты емес екенін жеткізді.
«Менің командама жекіп сөйлеп, табалдырық аттаған сәттен бастап негативпен қарсы алуы – менің сол сахнада билемеуіме алып келді», – деді Aanelyin.
Блогер кәсіби тұрғыда ешқашан жұмысын аяқтамай кететін адам емес екенін, алайда бұл жолы мәселе принципке айналғанын атап өтті.
Айта кетейік, рэпер Моттың концерті Алматыдағы кешенінде өткен.