Контентке өту

Мөлдір Мұқан алғашқы махаббаты жайлы естелігімен бөлісті

Мөлдір Мұқан алғашқы махаббаты жайлы естелігімен бөлісті
ашық дерек

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан алғаш рет жеке өміріне қатысты естеліктерін айтып, алғашқы махаббаты туралы сыр шертті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі Шәйдің қыздары жобасына берген сұхбатында сезімінің қалай басталғанын әңгімелеп, бұл махаббат бірден пайда болмағанын атап өтті.

Әншінің айтуынша, алғашында ол жігітке ерекше көңіл бөлмеген. Тіпті, өзіне ұнамайды деп ойлағанын да жасырмады. Алайда уақыт өте келе қарым-қатынас біртіндеп дамып, жігіттің қамқорлығы мен ықыласы оның жүрегін жаулаған.

«Алғашында “маған ұнамайды” деп ойлағанмын. Бірақ ол біртіндеп мені баурап алды. Көңілімді табуға тырысып, түрлі сыйлықтар жасайтын. Сөйтіп, жүрегіме жол тапты», – деді әнші.

Мөлдір Мұқанның бұл естелігі желі қолданушылары арасында жылы пікірлерге себеп болды. Көпшілік оның шынайылығын жоғары бағалап, махаббаттың кейде уақыт өте келе қалыптасатынын атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты