Контентке өту

«МузАРТ» тобының мүшелері мемлекеттік наградаға ие болды

«МузАРТ» тобының мүшелері мемлекеттік наградаға ие болды
ашық дерек

Танымал әнші Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталғанын хабарлады.

Әншінің айтуынша, дәл осы марапатқа әріптесі Мейрамбек Бесбаев та ие болған. Ал әнші Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденімен наградталған.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейрамбек екеумізді "Парасат" орденімен, Кенжебекті "Құрмет" орденімен марапаттады. Ұсынылған марапат ел игілігіне баянды болғай! Күллі қазақ халқына мың алғыс!» – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Сондай-ақ әнші жарияланымында өз сөзіндегі грамматикалық қателікке қатысты пікір білдіріп, оқырмандарынан түсіністік танытуды сұрады.

Желі қолданушылары өнер иесін жоғары мемлекеттік марапатпен құттықтап, шығармашылығына табыс пен толағай жетістіктер тілеуде.

Айта кетейік, «Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы елеулі еңбегі үшін берілетін Қазақстандағы жоғары мемлекеттік наградалардың бірі саналады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты