Контентке өту

Президент медицинадағы жасанды интеллект пен цифрландырудың нәтижелерін атады

Президент медицинадағы жасанды интеллект пен цифрландырудың нәтижелерін атады
ашық дерек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу нақты нәтижелер беріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан озық технологияларды түрлі салалармен қатар медицинада да белсенді қолданып келеді. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды. Сонымен қатар қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект дәрігерлерге күрделі клиникалық шешімдер қабылдауда көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық ұйым толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Ақпараттық жүйелерді өзара біріктіру нәтижесінде әкімшілік жүктеме де айтарлықтай азайған.

Мемлекет басшысының мәліметінше, интеграциялық жұмыстардың арқасында медициналық мекемелердегі әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеген.

Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, бұл бағыт денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды тетіктерінің бірі болып қала беретінін жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты