Контентке өту

Ресейде «Путинге қарсы шыққан беймәлім адам» фильміне тыйым салынды

Ресейде «Путинге қарсы шыққан беймәлім адам» фильміне тыйым салынды
ашық дерек

Ресейдің Челябинск қаласының соты биыл «Оскар» сыйлығын жеңіп алған «Путинге қарсы шыққан беймәлім адам» («Господин Никто против Путина») деректі фильмін ел аумағында таратуға тыйым салды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аталған фильмде Қарабаш қаласындағы мектепте жұмыс істеген Павел Таланкин 2,5 жыл бойы түсірген бейнематериалдар пайдаланылған. Онда Украинадағы соғыс басталғаннан кейін мектептерде жүргізілген насихат жұмыстары мен «Маңызды әңгімелер» сабақтарының мазмұны көрсетіледі.

Фильм авторы Павел Таланкин түсірген материалдарын 2024 жылы Ресейден жасырын түрде алып шығып, режиссер Дэвид Боренштейнмен бірлесіп деректі туындыға айналдырған.

Сот барысында прокурор фильм билікке және «арнайы әскери операцияға» қарсы теріс көзқарас қалыптастырады деп мәлімдеді. Сондай-ақ онда «экстремистік символика» ретінде бағаланған ақ-көк-ақ ту бейнелері бар екені айтылған.

Фильм АҚШ-та беделді Оскар сыйлығына ие болғаннан кейін, Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес Америкалық киноакадемия мен ЮНЕСКО ұйымдарына ресми хат жолдады. Онда фильмде балалар құқықтарының сақталу мәселесін тексеру сұралған.

Бұл жағдай Ресейдегі сөз бостандығы мен мәдени контентке қойылатын шектеулер төңірегіндегі пікірталасты қайта күшейтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты