Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісов көп әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, ер азаматтардың басым бөлігі бұл оймен келісуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі сұхбат барысында ер адамдардың көбі көп әйел алуға қарсы емес екенін жеткізген. Оның сөзінше, көптеген ер азаматтар мұндай ойды ашық айтпағанымен, іштей қолдайды.
Әнші өз пікірінде:
«Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Мен де 4 әйел алғым келеді», – деген ойын жасырмады.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде бірден кең таралып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі әншінің ойын қолдап, бұл ер адамның жеке таңдауы екенін айтса, енді бірі қоғамда мұндай көзқарасты насихаттау дұрыс емес екенін жазды.
Кейбір желі қолданушылары отбасы жауапкершілігі мен әйел құқығы мәселесін көтерсе, тағы бір бөлігі көп әйел алу тақырыбы қазақ қоғамында бұрыннан талқыланып келе жатқанын алға тартты.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасында көп әйел алу ресми түрде тіркелмейді. Елде неке бір ер адам мен бір әйел арасында ғана заңды түрде рәсімделеді.