Контентке өту

Ташиев елге орала сала тергеуге шақырылды

Ташиев елге орала сала тергеуге шақырылды
ашық дерек

Қырғызстанда саяси ахуал қайта қыза түсті. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев елге орала салысымен тергеуге шақырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

19 наурыз күні шетелден ұшып келген Ташиев бірден құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Қазіргі таңда ол ішкі істер министрлігіне қарасты Бас тергеу басқармасында отырғаны хабарланып отыр.

Еске салайық, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті ҰҚМК төрағасы әрі министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметінен босатқан еді. Сол кезде Ташиев Германияда ем қабылдап жатқан болатын.

Кейінірек, 13 ақпанда ол емі толық аяқталмаса да, елге оралуға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Алайда араға үш күн салып, қайтадан шетелге кеткені белгілі.

Қазіргі жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан толыққанды түсініктеме әлі жарияланған жоқ. Тергеудің мән-жайы анықталып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты