Контентке өту

Ханде Эрчелге қатысты дау: актриса әуежайда тексерістен өтті

Ханде Эрчелге қатысты дау: актриса әуежайда тексерістен өтті
ашық дерек

Түркияның танымал актрисасы Ханде Эрчел есірткі қолданды деген күдікке байланысты құқық қорғау органдарының назарына ілікті. БАҚ мәліметінше, ол Ыстамбұл әуежайында тексеріліп, медициналық сараптамаға жіберілген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ақпараттарға сәйкес, актриса шетелден оралған сәтінде ұсталып, арнайы тексерістен өту үшін сараптама басқармасына жеткізілген. Кейін ол сотта түсініктеме бергені хабарланды.

Аталған жағдай Sen Çal Kapımı сериалы арқылы кең танылған актрисаның жанкүйерлері арасында үлкен резонанс тудырды.

Осы іске қатысты кәсіпкер Хакан Сабанджи да пікір білдіріп, өзі де, актриса да ешқашан есірткі қолданбағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, тараған ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы толық анықталып жатыр. Ресми органдар тарапынан нақты қорытынды әлі жарияланған жоқ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты