Контентке өту

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды
ашық дерек

Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер қолға түсті. Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын ұстады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыпты түрлі айла-шарғыға барып, азаматтардың сеніміне кірген. Олар өздерін әртүрлі жағдайда көрсетіп, сылтаулар арқылы Астана және Семей қалаларының тұрғындарынан қомақты қаржы алған. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 200 миллион теңгені құрайды.

Күдіктілер біраз уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген. Жедел іздестіру шаралары барысында олардың Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынып жүргені анықталды.

Қазіргі таңда ерлі-зайыпты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары өзге де ықтимал эпизодтарды тексеруде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты