Жаңалықтар
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталды
- author BAQ-Orda
- 16 маусым, 2023
- 169

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталды
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.С. Қалияқбаровты ұстады.
Ол жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, делінген агенттік таратқан ақпаратта.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Келесі мақала
Теміртауда 5 жасөспірім өзгенің көлігін “ұрламақ” болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025