БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Атырауда балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу басталды

Атырауда балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу басталды
caption
Атырауда балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу басталды
Атырауда мемлекеттік балабақшаның бірінде тәрбиеші баланың бетінен ұрған. Оның теріс әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды БақОрда Kazinform.  сайтына сілтеме жасап.
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға кеше, 8 қарашада болған.
«Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуге байланысты қажетті сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларға зерделеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, тәрбиешінің заңға қайшы әрекеті топтағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір балабақша тәрбиешісі қызметінен шеттетілген. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы «Шаңырақ» балалар ауылының екі тәрбиешісі тәрбиеленушілерді ұрғанын хабарлаған болатынбыз.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар