Жаңалықтар
Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті
- author BAQ-Orda
- 8 қаңтар, 2024
- 85
Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті
Жапонияда 1 қаңтардан бері жалғасып жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті, деп хабарлайды Бақ Орда Azattyq Ruhy. сайтына сілтеме жасап. 47News жаңалықтар порталының хабарлауынша, Жапонияның аймақтық билігі табиғат апаты салдарынан кем дегенде 560 адам әртүрлі дәрежеде зардап шеккенін мәлімдеген.
«Бұл елдегі 2016 жылы елдің оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасында 273 адамның өмірін жалмап кеткен жер сілкінісінен кейін тіркелген ірі қайғылы оқиға болып отыр», - делінген хабарламада.Төтенше қызметтер 195 тұрғынды әлі таба алмай отыр. Ең үлкен шығын Исикава префектурасында болған, ол маңда кем дегенде 1370 үй толықтай немесе жартылай қирап қалған. Сондай-ақ өрт салдарынан 300-ге жуық ғимарат жермен жексен болды. Зардап шеккен аймақта электр қуаты, су және жанармай тапшылығы сезіліп жатыр. Апат аймағында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бөлімшелерімен бірге іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Құтқарушылар соңғы рет 6 қаңтарда үйінді астынан тірі адамды – қираған үйінің үйіндісінің астында бес күннен астам уақыт жатқан 90 жастағы кейуананы тауып алып шықты. Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар жер сілкінісі болды. Алғашқы жерасты дүмпулері Исикава префектурасында сағат 16:06-да тіркелген, олардың магнитудасы 5,7 және 7,6 болды. Кейін Исикава префектурасында тағы бір жер сілкінісі болды. Ұлттық метеорологиялық бюроның мәліметі бойынша, оның магнитудасы 4,6 балл болды. Жер сілкінісі кезінде биіктігі 5 метрге жететін цунами қаупі жарияланды, бірақ артынша ондай қауіп жоқ екені хабарланды. 3 қаңтарда Исикава префектурасында магнитудасы 5,5 балл болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы су астында 10 шақырым тереңдікте болған.