Бүгін – Ұлттық басылым күні
2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
111 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты.
Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмут Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қазақ қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады.
Қазақ зиялылары құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар көзі болды. Сол себепті осы датаны Ұлттық басылым күні ретінде атап өтудің маңызы зор.Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында агросекторды дамытуға шамамен 30 млрд теңге субсидия бағытталды
- авторAdmin
- 4 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- авторAdmin
- 3 желтоқсан, 2025




