Оқушы қыз жүректің дәрісін ішіп көз жұмды
Қайғылы оқиға бүгін, 6 ақпанда Шымкенттегі "Низамхан" атындағы жекеменшік мектепте болды деп хабарлайды БақОрда otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Оқушы қыз 8-сыныпта білім алған. Ол алғашқы сабақта өзін нашар сезінген.
Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген.
Алдын ала дерек бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішкен. Жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен соң ол жансақтау бөліміне түскен, ал түске қарай қаралы хабар жеткен.
"Бала өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанынан білмедік. Сосын ол бізге жүректің 40 шақты таблеткасын ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз ренжулі болған жоқ, сыныптастарымен әңгімелесті. Олар түгел дерлік сыныбымен 79-мектептен ауысып келді. Мектепте қандай да бір буллинг болды деп айта алмаймын", - дейді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.
Директор ол осыған дейін өзіне қол жұмсауға әрекет жасағанын айтты. Психологтар қызбен бірнеше ай жұмыс істеген.
Келесі мақала
Тоқаев бюджет қаражатына сеніп отыратын әкімдерді сынады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ауа райы болжамы: 15-18 қазан аралығында қолайсыз ауа райы күтілуде
- авторBAQ-Orda
- 14 қазан, 2024