БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма – Ұлттық статистика бюросы жауап берді

Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма – Ұлттық статистика бюросы жауап берді
caption
Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма – Ұлттық статистика бюросы жауап берді

Қазақстанда ЖК (жеке кәсіпкер) немесе Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ашқан кезде 96090 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін таңдауға болады. Оған эскорт қызметін пайдалану сынды әлеуметтік қызметтердің санаттары кіреді. Осы орайда Қазақстанда эскорт қызметі заңды ма деген сұрақ туындайды Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, эскорт қызметі Еуразиялық экономикалық одақтың шешімімен қабылданған халықаралық стандарт.   "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №4 қосымшаның 12-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2015 жылы 22 желтоқсанда №29 ұсынымды қабылдады. Оған сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикалық қызмет түрлерінің статистикалық жіктеліміне қатысты "Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы экономикалық қызмет түрлерінің статистикалық жіктелімі" халықаралық стандартын қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Экономикалық қызмет түрлерін жіктеу үшін 2020 жылы 1 қаңтардан бастап Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің жаңа нұсқасы қолданылады. Ол Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2019 жылы 22 ақпандағы №68 бұйрығымен бекітілген", – делінген хабарламада.  width= Бюроның мәліметінше, Ұлттық экономиканың ерекшеліктерін көрсету үшін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне бесінші (96090) таңба енгізілген.   "Шаруашылық жүргізуші бірліктерді осы немесе басқа қызмет түріне дұрыс жатқызу мақсатында оларға Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші топтамаларының мазмұнын ашатын түсіндірмелер әзірленген. NACE Rev.2 жіктеліміне сәйкес "Other personal service activities n.e.c." 96.09 класы, мыналарды қамтиды: "- social activities such as escort services, dating service, services of marriage bureau", бұл "эскорт қызметтері, танысу және неке агенттіктері сияқты әлеуметтік қызметтерді ұсыну" дегенді білдіреді", – делінген хабарламада.   Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы эскорт-қызметтер көрсетудің заңдылығына қатысты сұрақтар өздерінің құзыретіне кірмейтінін хабарлады. Осы орайда біз ішкі істер министрлігінен бұл қызметтің заңдылығын сұрап көрдік.   Ведомствоның айтуынша, эскорт-қызметтерді ұсыну экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіштерінің біріне кіреді.   "Экономикалық қызметті реттеу мәселелері Ішкі істер министрінің құзыретіне кірмейді. Өз кезегінде, жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты жеңгетайлық қылмыстық кодекстің 309-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін мәлімдейміз", – делінген хабарламада.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар