Жаңалықтар
30-дан астам есірткіні жұтып қойған шетелдіктер ұсталды
- author BAQ-Orda
- 5 наурыз, 2024
- 211

30-дан астам есірткіні жұтып қойған шетелдіктер ұсталды
ҰҚК «жұтқыштар» деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті деп хабарлайды baq-orda.
21 ақпанда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.
Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.

«Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді» - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Келесі мақала
Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025