БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жасөркенде жағдай тұрақты

Жасөркенде жағдай тұрақты
Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында толассыз жауған жаңбырдан бірнеше үйдің ауласына су кірген

15.04.24 күні түс ауа басталған толассыз жауыннан соң Жамбыл облысындағы Жасөркен ауылын су басты. Тау суы үйлерге еніп, мектеп ауласын да шайған. Құтқарушылар мен жергілкті билік көлбеу ағынмен түнгі сағат 02:00-ге дейін күресіп, ақыры бетін қайтарды. Тау сілемдерінен аққан су түні бойы Жасөркен тұрғындарын әбігерге салды. Кешкі саған 8-дерде басталған тасқын алдымен тау етегінде орналасқан 30 үй мен ағарту ошағының ауласына кірген. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев үрейленген жұртты басып, тасқыннан келер қауіп жоқ екенін ескертті.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Ахуал тұрақты Жамбыл облысында су қоймалары Шу, Талас өзендері ахуалы тұрақты. Су деңгейі бақылауда. Ешқандай қауіп, су тасқын қаупі қазіргі таңда жоқ.  Жылғаларды қуалай аққан қызыл судың биіктігі 40 сантиметрге жетті. Онымен күреске 300-ге жуық құтқарушы мен полиция және жергілікті тұрғындар тартылды. 22 мотопомпа мен 60-қа жуық техника жұмылдырылды.
 

 

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/zharnama/item/648351-zhambyl-oblysynda-y-zhas-rken-auylynda-zha-daj-t-ra-taldy
 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар