Жаңалықтар
Гүлнұр Мамасарипова 50 жасқа толуына орай "кино сыйлықақы" өткізбек
- author BAQ-Orda
- 28 мамыр, 2024
- 204

Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова 50 жасқа толуына орай "кино сыйлықақы" өткізбек.
"Құдай қаласа, осы күзде 50-ге толады екенмін. Бұл да бір белес қой былай қарасаң... Бірақ өзімді әлі күнге ересек сезінбейді екенмін. Дегенмен ақыл тоқтататын кез келген сияқты.
Сонымен, басқа шаруам аздай өзімнің туған күнімді ойластыра бастадым. Тұла бойым тұнған дарын деп айта алмаймын, бірақ тым қаражаяуда емеспін. Сахнаға бір кеңірек көйлек киіп шығармын азарлығы. Ойлана келе қарашада "кинопремия" өткіземін деп шештім. Тәуелсіз, ешкімнің пәрменісіз, көрерменіммен санасып, кәсіби ортаммен ақылдасып тағайындалатын жүлде болады. Ең маңыздысы үнемі еленбейтін телесериалдар қатысады. Менің де кинодағы қара шаңырағым - телесериалдар!
Миымда неше түрлі идея қайнап жатыр. Жаратушым күш-қуат берсін", - деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025