Ауыл шаруашылығын өңдеу саласы қарқын алады өңірде жаңа жобалар іске асуда
- author Admin
- 3 қараша, 2025
- 1
Сондай-ақ жүн мен тері өңдейтін 2, қант қызылшасын өңдейтін 2, құс етін өндіретін 4, жұмыртқа шығаратын 1, макарон өнімдерін өндіретін 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл өндіріс орындарында 2,5 мыңнан астам адам еңбек етуде.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтың айтуынша, сүт өңдейтін 26 кәсіпорын сегіз айда 53,1 мың тонна өнім өңдеген. Кәсіпорындардың жүктемесі – 82%. Осы мерзімде 1221 тонна сары май, 881 тонна ірімшік, 11,8 мың тонна сүт пен кілегей және 3,3 мың тонна өзге өнімдер өндірілген.
Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 40 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Қазіргі таңда ірі қара – 462,4 мың, қой – 3263,3 мың, жылқы – 189,9 мың, құс – 1901,5 мың басты құрайды. Сегіз айда 75,1 мың тонна ет өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артқан. Экспортқа 1615 тонна ет және 340 тонна шұжық өнімі жөнелтілген. Өнімдер Қырғызстан, Катар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия елдеріне экспортталған.
Қуаттылығы жоғары 9 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ірі өңдеу кәсіпорындары қатарында «Меркі ет комбинаты» мен «Первомайские деликатесы» бар. Сонымен қатар «Медет» және «Олжа» шаруа қожалықтарының бордақылау алаңдары да тұрақты жұмыс істеп тұр. Барлық санаттағы шаруашылықтар жыл басынан бері 130,8 мың тонна сүт өндірген.
«Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 8 млрд, жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 15 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде «Момбек», «Азнур Агро», «Нұрлыжай», «Қайсар» шаруа қожалықтары бар.
Құс етін өндіруде «Әулие-ата Феникс» және «Алель Агро» кәсіпорындары жетекші орында. Олардың қуаттылығы жылына 26 мың тонна етті құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту жалғасуда. Биыл өндірілген еттің 19,5 мың тоннасы қайта өңделген. Кәсіпорындардың жүктемесі – 33,7 пайыз. Астық өңдеу көлемі 13 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқан.
2025–2027 жылдары жалпы құны 365 млрд теңге болатын 37 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1695 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биылдың өзінде 25,2 млрд теңгеге 15 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 4 жоба – сүт фермалары, 6 жоба – көкөніс сақтау қоймалары, 3 жоба – қайта өңдеу бағытында («Rich Gold», «Кемер Агро», «Нұрлы жай»).
Бұл жобалар жылдық сүт өндірісін 15 мың тоннаға, қойма сыйымдылығын 10 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде маусымаралық бағаны тұрақтандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Биыл 11 млрд теңге қарастырылып, оның 3 млрд теңгесі 7 жобаға бағытталған.


