Әлеуметтік желілерде қазақстандық кәсіпкер Тұрсен Алагузов-тың KFW 2026 сән көрсетіліміндегі жарқын шығуы қызу талқылануда, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Сән апталығы аясындағы дефиле кезінде ол тек подиуммен сенімді жүріп өтумен шектелмей, көпшілікке өзінің ерекше «фирмалық» биін де көрсетті. Бұл сәт көрермендердің назарын бірден аударып, желіде кеңінен тарады.
Кәсіпкердің бұл әрекеті көпшілікке тосын әрі қызықты болды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның сахнадағы еркіндігі мен өзін-өзі сенімді ұстауын жоғары бағалап, түрлі пікірлерін білдіруде.
Ал Тұрсен Алагузовтың өзі бұл жағдайды әзілмен қабылдап, енді тек кәсіпкер ғана емес, модель ретінде де танылып жатқанын айтты.
Айта кетейік, KFW 2026 сән апталығы биыл да шоуға толы ерекше сәттерімен есте қалып, қазақстандық шоу-бизнес пен сән индустриясының жаңа қырын көрсетті.