Жаңалықтар

Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр - Қошанов

Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр - Қошанов

Фото:elements.envato.com
Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанда суды тұтыну 2040 жылға қарай 46 пайызға артатынын, ал су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше километрге дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті. Қошановтың айтуынша, оған әсер ететін факторлар жеткілікті. Бұған халық санының артуы, экономикалық даму және басқа да себептер ықпал етеді.