Контентке өту

17 жастағы қазақстандық фуд-блогер Forbes рейтингіне енді

17 жастағы қазақстандық фуд-блогер Forbes рейтингіне енді
ашық дерек

Әлеуметтік желіде «Жас аспаз» атымен танылған 17 жастағы қазақстандық фуд-блогер Дулат Тантаев Forbes 30 Under 30 Kazakhstan тізіміне енгенін мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Блогердің айтуынша, ол контент жасауды 11 жасынан бастаған. Алайда бастапқы кезеңде оның қызығушылығына сенімсіздікпен қарағандар көп болған.

«Мұғалімдерім сабаққа көбірек көңіл бөлуді айтатын. Кейбір адамдар аспаздықты ер азаматқа лайық кәсіп емес деп санады. Соған қарамастан түсірілімді тоқтатпай, сүйікті ісімді жалғастыра бердім», – дейді Дулат.

Бүгінде жас блогердің шығармашылығын миллиондаған адам тамашалайды. Ал оның есімі түрлі салаларда жетістікке жеткен 30 жасқа дейінгі жастарды біріктіретін Forbes 30 Under 30 Kazakhstan рейтингіне енді.

Дулат Тантаев сүйікті ісінің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін жасырмады. Оның сөзінше, блог жүргізу арқылы көлік пен пәтер сатып алып, көптен армандаған асүйін де жабдықтаған.

Сондай-ақ блогер өзінің жетістігі туралы жарияланған Forbes журналын көрсетіп, бұл жаңалықты алғаш рет ата-анасымен бөліскен әсерлі сәтті жариялады.

Желі қолданушылары жас қазақстандықты маңызды жетістігімен құттықтап, оның еңбекқорлығы мен табандылығын үлгі ретінде атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты