Әлеуметтік желіде интим видеолары тараған асаба мен оның жұбайына қатысты дау күн сайын ушығып барады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, даулы видеолар Telegram-арналарда 300-400 теңге аралығында сатылып жатқаны айтылуда, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Желіде тараған скриншоттарда «эксклюзив», «толық видео төменде» деген жазбалармен бірге ақылы қолжетімділік ұсынылған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, ашу-ыза мен қызу пікірталасқа себеп болды.
Алайда мұнымен бәрі аяқталған жоқ.
Сторис арқылы қысым?
Қолданушылардың айтуынша, жұп өз стористерінде «тез жазылып үлгермесеңдер, аккаунтты жабамыз» деген мазмұнда жазбалар жариялаған. Бұл әрекет кейбір желі қолданушылары тарапынан «аудитория жинау» тәсілі ретінде бағалануда.
Желі пікірі қандай?
Threads пен басқа платформаларда пікірлер қарша борауда:
- «Өздері хайп үшін жасап отыр»
- «Күйеуі өзі таратып жіберген сияқты»
-«Қаралым жинап, ақша табудың жолы ма?»
- «Бұл – жеке өмір, таратпау керек»
Кейбір қолданушылар тіпті бұл жағдай арқылы үшінші тұлғалар ақша тауып отырғанын да жазуда.
Сонымен қатар, желіде асабаға қатысты жеке хаттар, түрлі қыздарға жазылған хабарламалар да таралып, жағдайды одан әрі ушықтырды.
Еске салайық, бұған дейін асаба жұбайымен бірге халықтан көмек сұрап, видеоны таратпауға шақырған еді. Олар бұл жағдайдың отбасыға ауыр тиіп жатқанын айтқан.
Алайда қазіргі ахуал керісінше, күмән мен айыптауларды күшейтіп отыр.