Қазақстан шоу-бизнесінде жаңа тренд қарқын алып келеді – би челлендждері арқылы сыйлық тарату. Бұл жолы эстафетаны танымал әнші Қайрат Нұртас жалғастырып, жанкүйерлеріне ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі өзінің концертіне билет ұтып алудың оңай жолын көрсетті: арнайы биді қайталап, әлеуметтік желіде бөлісу жеткілікті. Ең креативті қатысушыларға Алматыдағы концертке жолдама беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова да осындай форматтағы байқау жариялап, жұбайы Тұрсын Алагөзов билеген биді қайталағандарға 500 мың теңге сыйақы ұсынған еді. Бұл челлендж әлеуметтік желіде кең тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Енді эстафетаны Қайрат Нұртас іліп әкетіп, трендті жаңа деңгейге шығаруда. Желі қолданушылары мұндай челлендждердің көбейгенін қызу талқылап жатыр. Бірі оны креативті PR деп бағаласа, енді бірі «хайп қуалау» деп сын айтуда.
Дегенмен, бір нәрсе анық — би челлендждері қазір қазақстандық шоу-бизнесінің басты трендіне айналып үлгерді.