Контентке өту

«88 деген дауыс келді»: Асанәлі Әшімов өлетін уақытын алдын ала сезген

«88 деген дауыс келді»: Асанәлі Әшімов өлетін уақытын алдын ала сезген
ашық дерек

Бүгінде қазақ киносы мен театрының аңызына айналған Асанәлі Әшімов туралы тың дерек көпшілікті тебірентті. Қазақстанның Халық әртісі өз өмірінің соңына қатысты ишараны бірнеше жыл бұрын күнделігіне жазып кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы актердің жары Бағдат Әшімова айтып берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бағдат Әшімованың сөзінше, актердің жеке күнделіктерінің бірінде ерекше жазба сақталған. Онда Асанәлі Әшімов 2022 жылдың 12 шілдесінде:

«Жүріс аяңдаған сияқты. Түсімде құлағыма 88 деген дауыс келді. Оған төрт жыл қалды»

деп жазып қалдырған екен.

Бұл жазба кейін көпшілікті таңғалдырды. Себебі әйгілі актер 2025 жылдың 21 желтоқсанында Алматыдағы өз үйінде дүниеден өтті. Ол кезде Асанәлі Әшімов 88 жасқа қараған шағында болған.

Қазақ өнерінің алып тұлғасына айналған актердің бұл күнделіктегі жазбасы бүгінде әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып жатыр. Көпшілік мұны өмірдің тылсым сырымен байланыстырып, актердің ерекше сезімтал жан болғанын айтуда.

Асанәлі Әшімов - қазақ киносы мен театры тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Ол сахна мен экранда сомдаған ондаған образ арқылы бірнеше буын көрерменнің жүрегінен орын алды. Актердің шығармашылығы мен өмір жолы қазақ мәдениетінің алтын қорында мәңгі сақталады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты