Контентке өту

Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Абай Бегей сегізінші рет әке атанды
ашық дерек

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі сегізінші рет әке атанып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әнші бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қуанышын жасырмады. Оның айтуынша, дүниеге бесінші қызы келген. Осылайша, өнер иесінің үлкен отбасы тағы бір сәбимен толықты.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, жылы тілектерін жаудырды. Көпшілік жаңа туған нәрестеге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, отбасысына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Абай Бегей – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, көпбалалы әке ретінде де үлгі болып жүрген өнер иелерінің бірі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты