Әнші Абай Бегейдің екінші жұбайы әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ол Threads платформасында жол үстінде болған оқиғаға қатысты эмоцияға беріліп жазба қалдырған. Жазбада жолдағы жағдайға байланысты ренішін білдіріп, Шымкент қаласының атауын да атап өткен.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның сөздерін орынсыз деп бағалады. Оқырмандардың бір бөлігі бір адамның әрекеті үшін тұтас қала тұрғындарын кінәлауға болмайтынын айтып, пікір қалдырған.
Әлеуметтік желіде жарияланған пікірлерде қолданушылар Шымкент тұрғындарына қатысты айтылған сөздерге наразылық білдіріп, автордан түсініктеме немесе кешірім сұрауын талап еткен.
Желіде бұл жағдайға байланысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бірі жазбаны ашумен жазылған эмоциялық пікір деп қабылдаса, енді бірі қоғамдық тұлғалардың әлеуметтік желідегі сөздеріне жауапкершілікпен қарауы қажет екенін алға тартуда.
Әзірге Абай Бегейдің жұбайы аталған жағдайға қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.