Контентке өту

Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
ашық дерек

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанның қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желіде әкесімен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Беттер

Ол Instagram парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, отбасы ішіндегі байланыс жайлы ашық жазба жариялаған.

- Мен тек өз атымнан жауап беремін: менің папаммен, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Әрине, барлық адамдардағыдай реніштер мен түсініспеушіліктер болды. Бірақ менің әкем біреу ғана, мен оны қандай болса да сол қалпында қабылдаймын, — деп жазды Әдемі.

Сондай-ақ ол психолог көмегіне жүгінбегенін, бірақ уақыт өте адамдардың мінсіз болмайтынын түсінгенін айтты.

- Ең бастысы – ол бізді жақсы көреді. Шынымды айтсам, қазір біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды, — деді ол.

Әдемі Тұрсынбекқызы бұл пікір тек өзіне қатысты екенін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бауырлары — Айбым, Айару, Нұриман және Райымбектің де әкесімен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

- Олар жабықтау адамдар, әркім өзі үшін сөйлейді, — деп қосты ол.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты