Танымал әнші Айгүл Иманбаева екінші некеде бала сүю жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Сұхбат барысында жүргізуші Аман Тасыған продюсер Баян Алагөзованың суррогат ананың көмегімен ана атанғанын мысалға келтіріп, әншіден бұл мәселеге қатысты көзқарасын сұраған.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, ана атану жоспары жоқ емес. Алайда бәрі тағдырға байланысты екенін жеткізді.
«Баян маған “әлі жүрсің бе?” деп ұрысады. Менде жоспар бар. Енді күйеуімнің менталитеті, көзқарасы мүлдем басқа. Ол үшін екеуміз бірге болсақ болды», – деді әнші.
Сондай-ақ ол жолдасының бала мәселесіне сабырмен қарайтынын айтты.
«Үйленген соң “бала, бала” деп жанталасып жүрген ол жоқ. “Бала болса, қуанамын. Болмаса, екеуміздің өміріміз баласыз да әдемі, жақсы ғой” дейді», – деп бөлісті Айгүл Иманбаева.
Өнер иесі сөз соңында бәрі Алланың қалауымен болатынын атап өтті.
«Бәрі Жаратқанның қолында. Беріп жатса, ол да, мен де қуанатынымыз анық. Егер болмаса, біздің кейбір жігіттеріміз сияқты байбаламға салмайтыны анық», – деді әнші.