Контентке өту

Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқанын айтты: «Бізді бір қабырға ғана бөліп тұрған»

Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқанын айтты: «Бізді бір қабырға ғана бөліп тұрған»
ашық дерек

Қазақстандық әнші Айгүл Иманбаева қазіргі жұбайы Ерланмен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ерланның сөзінше, олардың алғашқы кездесуі екі жылдан астам уақыт бұрын АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған. Ол кезде ол қызы Аружанмен бірге Рождество мен Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін достарының үйіне қонаққа келген.

«Біз 2 жылдан астам уақыт бұрын Нью-Йоркта таныстық. Жаңа жыл қарсаңы болатын. Мен қызыммен бірге достарымның үйіне келдім. Айгүл басқа үйге орналасқан. Бізді бір қабырға ғана бөліп тұрса да, бір-біріміз туралы ештеңе білмедік. Тек 31 желтоқсан күні ғана кездестік», – деді Ерлан.

Ал Айгүл Иманбаева бұл кездесуді кездейсоқтық емес, тағдырдың жазуы деп қабылдайтынын айтты.

Әншінің айтуынша, сол уақытта өзі Лондонда білім алып жүрген. Нью-Йоркке ұлы мен келінімен бірге барған.

«Бір апта бойы көрші жатып, бір-бірімізді көрмедік. Тек 31 желтоқсан күні кездестік. Мен мұны тағдыр дер едім. Алла Тағала әр адамның маңдайына өз тағдырын жазып қояды дейді ғой. Бізге кездесуді Нью-Йоркта бұйырған екен», – деді әнші.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, дәл сол Жаңа жыл қарсаңындағы кездесу олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына себеп болған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты