Әнші Айгүл Иманбаева өзіне қатысты болған үрейлі жағдай туралы айтып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің сөзінше, кафедегі әйелдер дәретханасында орналасқан кішкентай есіктің жиі ашылып қалуы күдік тудырған. Кейін оны тексерген кезде ішінен оралған қағаздар табылған.
«Ашып қарасақ, менің және ұлдарымның суреттері шықты. Жүрек тұсына, асқазан, қуық жағына дейін ине қадалған. Ондайды бұрын тек кинодан көргенмін», – дейді әнші.
Айгүл Иманбаева кейін іздестіру барысында айна артынан, құбырлардың ішінен және түрлі жасырын орындардан көптеген күмәнді заттар табылғанын айтты.
Өнер иесінің айтуынша, осы уақытқа дейін 300-ге жуық сурет, ине, түйреуіш, топырақ, шаш секілді заттар анықталған.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.