Контентке өту

Айым Сейітметованың жазбалары ажырасу туралы болжамдарды күшейтті

Айым Сейітметованың жазбалары ажырасу туралы болжамдарды күшейтті
ашық дерек

Танымал актриса әрі блогер Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларымен оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі соңғы күндері Instagram парақшасында өміріндегі қиын кезеңді меңзейтін жазбалар жариялап жүр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Блогердің айтуынша, қазіргі уақытта оған мойымауға тура келеді. Себебі оның жауапкершілігі көп, жұмысы мен тәрбиелеп отырған баласы бар.

«Қазір маған еңсе түсіруге болмайды. Өйткені жұмысқа қатысты өз міндеттерім бар, асырайтын балам бар, мені мұндай күйде көріп қиналатын ата-анам бар», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Айым Сейітметова өмірінде болып жатқан өзгерістердің мән-жайын кейінірек бөлісетінін айтып, оқырмандарына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

«Барлығын кейін бөлісемін. Сіздерді бейхабар қалдыруды дұрыс санамаймын, өйткені сіздер көп сәттің куәсі болдыңыздар», – деді блогер.

Жазбаларында ол кейде өзін мүлде әлсіз сезінетінін, бәрін тастап кеткісі келетін сәттер болатынын да жасырмады. Алайда қандай қиындық болса да алға ұмтылу керек екенін атап өтті.

Осы жазбалардан кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі болжам айта бастады. Көпшілік блогердің отбасылық өмірінде өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып, ажырасу туралы пікірлер жазуда.

Ал кейбір оқырмандар мұны әлеуметтік желідегі кезекті хайп немесе жарнамалық науқанның бір бөлігі болуы мүмкін деп болжады.

Әзірге Айым Сейітметова тараған болжамдарға қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты