Контентке өту

Әлеуметтік желіде Наурыз мейрамына қатысты даулы пікір айтқан ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті

Әлеуметтік желіде Наурыз мейрамына қатысты даулы пікір айтқан ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті
ашық дерек

Интернетте тараған видеода ол қазақ халқында Наурыз мерекесі болмағанын, бұл мейрамның түп-тамыры парсы мәдениетімен байланысты екенін алға тартып, мұсылмандарға оны атап өтуге болмайтынын мәлімдеген. Оның бұл сөзі желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, түрлі пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бұл бейнематериал анықталған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1991 жылы туған азаматтың жеке басы белгілі болып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда оның үстінен діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты