Контентке өту

Алтынай Жорабаева тойдағы әрекетке қатысты пікір білдірді

Алтынай Жорабаева тойдағы әрекетке қатысты пікір білдірді
ашық дерек

Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаева қатысқан тойдан түсірілген видео кең тарады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Видеода әншімен суретке түсуге келген кейбір ер азаматтардың өзін құшақтай беретініне қатысты пікір білдірген сәті көрсетілген.

- Құшақтамай-ақ суретке түсуге болады ғой. Әр ер адам келіп құшақтай береді. Егер сіздердің әйелдеріңізді бейтаныс ер адамдар осылай құшақтай берсе, ұнар ма еді? - дейді әнші видеода.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір қалдырып, видеоны қызу талқылап жатыр. Кейбірі әншінің сөзін қолдаса, енді бірі көпшілік ортада мұндай жағдай жиі кездесетінін жазған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты