Контентке өту

Аман Тасыған мен Бауыржан Ибрагимовтың ескі сұхбаты қайта талқыға түсті

Аман Тасыған мен Бауыржан Ибрагимовтың ескі сұхбаты қайта талқыға түсті
ашық дерек

Әлеуметтік желіде журналист Аман Тасыған мен Бауыржан Ибрагимовтің бірнеше жыл бұрын жазылған сұхбаты қайта тарап, қызу талқылануда, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сұхбат барысында Бауыржан Ибрагимов 2010 жылы Тука лақап атымен танымал Нұржан Төлендиевке қатысты қозғалған іске байланысты пікір білдірген. Оның айтуынша, сол кезде тараптарды татуластыруға араласқан.

Видеода арыздың қайтарылуына байланысты келіссөздер жүргені және белгілі бір көлемде қаражат берілгені жөнінде де айтылған.

Ескі сұхбаттың үзінділері әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі оқиғаның құқықтық қырын талқыласа, енді бірі мәселенің моральдық жағына назар аударуда.

Желі қолданушылары аталған мәлімдемелерге байланысты әртүрлі көзқарас білдіріп, қызу пікірталас жүргізіп жатыр.

Әзірге сұхбатта көтерілген жайттарға қатысты ресми органдар тарапынан қандай да бір түсініктеме берілген жоқ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты