Контентке өту

Әнші Абай Бегейнің қызы Гүлеркем Ниязқұлова әлеуметтік желіде отбасысына бағытталған сындарға жауап берді

Әнші Абай Бегейнің қызы Гүлеркем Ниязқұлова әлеуметтік желіде отбасысына бағытталған сындарға жауап берді
ашық дерек

Жақында өнер иесінің жұбайы Фариза Жұманова қыз баланы дүниеге әкелген еді. Алайда бұл қуанышты жаңалық желіде түрлі пікір тудырып, кейбір қолданушылар тарапынан сын да айтылған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Осы жағдайға қатысты Гүлеркем анасының жасына байланысты айтылған пікірлермен келіспейтінін ашық жеткізді. Оның айтуынша, 33 жаста ана атану — қалыпты жағдай, ал бала сүю мәселесі әр отбасының жеке таңдауы болуы тиіс.

«33 жаста босанбаса, онда кім босанады? Денсаулық мүмкіндік берсе, 40-қа дейін де, одан кейін де ана атанып жатқандар бар. Сондықтан бұл жерде еш оғаштық жоқ», — деген ол қоғамдағы қос стандартқа да назар аударды.

Сонымен қатар, ол неге дәл олардың отбасы жиі сынға ұшырайтынын түсінбейтінін айтып, көпшілікті орынсыз пікір айтпауға шақырды.

Желі қолданушылары бұл пікірге екі түрлі көзқарас білдіріп жатыр: бірі қолдау көрсетсе, енді бірі өз ұстанымында қалуда. Дегенмен бұл жағдай тағы да жеке өмірге араласу мен қоғамдағы пікір мәдениеті мәселесін алға шығарды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты