Өзін танымал әнші Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі жары ретінде таныстырған Ақмарал Баққараева қоғамда қызу талқы тудырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Келіншектің ай«Арамызда бір ұл бар. Бірақ қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады», – дейді Ақмарал.туынша, олардың ортақ бір ұлы бар. Алайда қазіргі таңда ол баласымен қиын жағдайда қалып, ешқандай материалдық көмек көрмей отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар, ол өзін «тоқал» ретінде қабылдамайтынын ашық айтты.
«Мен тоқал емеспін, оқытып алды. Табысын жасырып, ақшасын басқа жаққа жұмсап жүр», – деп мәлімдеді ол.
Ақмаралдың сөзінше, әншінің Астана мен Алматы қалаларында бірнеше қымбат пәтері және табыс әкелетін бизнесі бар. Бірақ соған қарамастан, баласына қаржылай көмек көрсетпеу үшін табысын жасырып келгенін алға тартады.
Қазіргі уақытта ол сегіз жастағы ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр және баласының құқығы үшін сотқа жүгінген. Айтуынша, соңына дейін күресуге бел буған.
Бұл оқиға қоғамдағы нәзік жандылардың құқықтары, алимент мәселесі және ер азаматтардың жауапкершілігі тақырыбын қайтадан күн тәртібіне шығарды.
Айта кетейік, аталған жағдайға қатысты Нұрлан Абдуллин тарапынан әзірге ресми пікір жарияланған жоқ.