Контентке өту

Ақтауда “Хан” асаба дауға қалды: мектеп оқушысымен байланысын өзі мойындады

Ақтауда “Хан” асаба дауға қалды: мектеп оқушысымен байланысын өзі мойындады
ашық дерек

Ақтауда “Хан” атымен танылған асабаға қатысты тағы бір видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Бейнежазбада ол Астарлы ақиқат бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріндегі даулы жайттарды ашық айтып берген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Асабаның сөзінше, жас кезінде мектеп оқушысымен қарым-қатынаста болған. Ол қыздың аяғы ауыр болып қалғанын асаба әскерде жүрген кезде білген.

“Аяғы ауыр болып қалды. Мен оны әскерге кеткен соң білдім. 11-сынып оқушысы болу керек. 2012 жылы әскерден келген соң үйлендік. Ақыл айтатын адам болмады. Ортақ екі қызымыз бар. Одан кейін ажырасып кеттік. Екі жақтан да кінә болды. 2-3 айдан кейін ғашық болып басқа қызға үйлендім. Одан 1 ұл, 1 қызым бар. Онымен екі жыл тұрып ажырасып кеттім”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау өңірінің өнерпаздары арасында осы асабаға қатысты видеоға байланысты наразылық туындап, оған бойкот жариялау жөнінде видеоүндеу жасалған еді.

Қазіргі таңда бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер туғызуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты