Контентке өту

«Әр қадамымды аңдап басатынмын»: Жазира енесі жайлы айтты

«Әр қадамымды аңдап басатынмын»: Жазира енесі жайлы айтты
ашық дерек

Белгілі әнші Жазира Байырбекованың енесі туралы айтқан ескі сұхбаты әлеуметтік желіде қайта тарап, қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі сұхбат барысында тұрмысқа шыққан алғашқы жылдары енесінің қаталдығын қабылдау өзіне оңай болмағанын ашық айтқан. Оның сөзінше, ерке болып өскен қыз үшін жаңа ортаға бейімделу мен келінге қойылатын талаптарға үйрену қиынға соққан.

Әнші әсіресе “болмайды” деген тыйымдардың көп болғанын және әр әрекетін аңдап жасауға тура келгенін жеткізген. Сол кезеңде психологиялық тұрғыда ауыр сәттерді бастан өткергенін де жасырмады.

Соған қарамастан, Жазира Байырбекова уақыт өте келе сабыр сақтап, отбасы құндылығын бірінші орынға қою арқылы қиындықтарды еңсеруге тырысқанын атап өткен.

Алайда желі қолданушылары әншінің сөзінен енесіне деген өкпе мен реніштің ізі әлі де байқалатынын жарыса жазуда. Кейбір оқырмандар “Жазираның көңілінде жазылмаған жара қалған сияқты”, “Әңгімесінен ауыр кезеңді ұмыта алмағаны байқалады” деген пікір қалдырса, енді бірі оны қолдап, мұндай жағдай көптеген келіннің өмірінде кездесетінін айтты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты