Контентке өту

Ардагерлер арасында волейболдан облыстық чемпионат өтті

Ардагерлер арасында волейболдан облыстық чемпионат өтті

Аудан орталығындағы дене шынықтыру және спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ардагерлер арасында Жамбыл облысының чемпионаты болып өтті. Дәстүрлі спорттық додаға облыстың әр өңірінен келген ардагер спортшылар қатысып, өзара бақ сынауға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Тараз қаласы, Жуалы, Талас, Сарысу, Жамбыл, Меркі, Шу, Байзақ аудандары қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Чемпионаттың негізгі мақсаты - ардагер спортшылардың шеберлігін шыңдау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер волейбол федерациясының вице-президенті Сәрсен Оспанов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың қай түрінде болмасын ардагерлердің белсенділігі жас буынға үлгі екенін атап өтті. Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, чемпионаттың ресми ашылуы жарияланды.

Чемпионат барысында облыстың әр ауданынан келген командалар волейбол алаңында өзара мықтыны анықтап, тартысты кездесулер өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық жарыстар ардагерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға оң ықпал етеді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты