Қазақ эстрадасындағы танымал жұп – Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова – ұлдарының үйлену тойын дүркіретіп өткізгенімен, мерекеден кейінгі талқылау әлі де толастар емес, деп хабарлайды baq-orda.kz kznews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, көпшіліктің назарын бұл жолы тойдағы асабалар мен олардың қызметіне кеткен қаражат аудартқан. Кейбір қолданушылар той жүргізушілеріне жұмсалған қаржыны «артық шығын» деп бағалап, мұндай сән-салтанаттың қажеттілігіне күмән келтірген.
Әсіресе әлеуметтік желіде «тамадаға кеткен ақша – ысырап» деген пікірлер жиі жазылып, той форматына қатысты қызу пікірталас туындаған. Бір тарап мұндай деңгейдегі тойда кәсіби асабалардың болуы қалыпты жағдай екенін айтса, енді бірі қарапайым әрі мазмұнды форматты қолдайтынын білдірген.
Айта кетейік, өнерлі отбасының ұлының үйлену тойы бұған дейін де түрлі себеппен талқыға түскен болатын. Қалыңмал көлемі, қонақтар саны және жалпы тойдың ауқымы қоғам назарын аударған еді.
Осылайша, жұлдызды әулеттің қуанышты сәті тек мерекелік атмосферасымен ғана емес, шығын мен дәстүр төңірегіндегі пікірталастарымен де есте қалды.