Контентке өту

Асанәлі Әшімовтің туған ауылында белгітас орнатылып, рухына ас берілді

Асанәлі Әшімовтің туған ауылында белгітас орнатылып, рухына ас берілді
ашық дерек

Қазақ киносы мен театр өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің құрметіне туған жерінде тағзым шаралары өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл туралы өнер майталманының жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жайылма ауылында Асанәлі Әшімұлының рухына арнап ас беріліп, басына белгітас қойылған. Сонымен қатар актердің есімін ұлықтауға арналған XIII облыстық ашық шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Бағдат Әшімова жазбасында Асанәлі Әшімовтің туған жеріне деген ерекше сүйіспеншілігін еске алды.

«Асекең көзі тірісінде туған ауылын ерекше жақсы көретін. Жайылма оның жүрегіне жақын мекен еді. Бүгін туған жерінде өткен шаралар елдің оған деген құрметінің белгісі болды», – деді ол.

Шараға ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті билік өкілдері қатысып, қазақ өнерінің алып тұлғасына тағзым етті.

Желі қолданушылары да бұл бастаманы қолдап, Асанәлі Әшімовтің есімін ұлықтауға үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдіруде.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов қазақ киносы мен театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға ретінде ұлттық мәдениет тарихында ерекше орын алады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты