Контентке өту

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар жансақтау бөліміне түсті

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар жансақтау бөліміне түсті
ашық дерек

2024 жылы әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтартың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ербаян Мұхтардың оңалту және қалпына келтіру маманы Ұлпан Советбекова Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасап, науқастың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

- Көпшілігіңіз мені Мұхтар Ербаянның оңалту және қалпына келтіру маманы ретінде танисыздар. Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта мен өзім де ем қабылдап, аурухана парағында жүргеніме қарамастан, Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша осы мәлімдемені жасап отырмын, – деп жазды дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар оның ата-анасы ұлының денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отырғанын жеткізді.

- Сол себепті баршаңыздан бейжай қалмай, қолдан келгенше көмектеріңізді аямай, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз. Оған дұға жасап, жақсы тілектеріңізді арнаңыздар. Қазіргі сәтте бұл ол үшін де, отбасы үшін де өте маңызды. Қолдау білдіріп, алаңдап жүрген әрбір жанға үлкен рақмет!, - дейді дәрігер.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты