Контентке өту

Әскери оқу орнының магистранттары мен докторанттары қорғаныс операцияларын стратегиялық деңгейде тәжірибеден өткізуде

Әскери оқу орнының магистранттары мен докторанттары қорғаныс операцияларын стратегиялық деңгейде тәжірибеден өткізуде

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттар мен докторанттардың теориялық білімін бекіту, практикалық дағдыларын дамыту және басқарушылық құзіретін қалыптастыру мақсатында стратегиялық командалық-штабтық әскери ойын өткізіліп жатыр, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов басшылық жасайды. Ол ойынның барлық кезеңдерін сапалы ұйымдастыру, оқушылардың білім деңгейін әділ бағалау және олардың функционалдық міндеттерді орындау кезінде практикалық дағдыларын тексеру маңызды екенін атап өтті.

Магистранттар мен докторанттар Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдар әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары рөлінде қорғаныс операцияларын жедел-стратегиялық деңгейде дайындау мен жүргізуді пысықтайды. Сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдауға, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Командалық-штабтық ойын жетекшісі университет бастығының бірінші орынбасары полковник Талғат Әжібаев басқару пункттеріндегі лауазымды тұлғалар үшін оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өзара іс-қимыл жасаудың практикалық мәселелерін пысықтайтын негізгі тапсырмаларды анықтады.

Командалық-штабтық ойын өткізу оқушыларға Қарулы күштерді қолдануға және жедел-стратегиялық басқаруды ұйымдастыру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ойын жедел басқармалар, жалпыәскери құрамалар мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға да септігін тигізеді.

4 сәуірге дейін жалғасатын іс-шара заманауи әскери-стратегиялық жағдайда тиімді әрекет ете алатын жоғары білікті әскери мамандарды даярлаудың маңызды кезеңіне айналмақ.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты