Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні — актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туралы әсерлі жазба жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі келінін отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиелеп отырған ардақты ана ретінде сипаттап, оны «әулеттің шамшырағы» деп атады. Жазбада келініне деген ерекше құрметі мен жылы ықыласы анық байқалады.
Сонымен қатар, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді:
«Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Жұлдыз келініміздің туған күні құтты болсын! Алла ұзақ ғұмыр, мәнді өмір нәсіп етсін», — деп жазды ол.
Аталған жазба желіде кең таралып, қолданушылар актрисаны жарыса құттықтап, жылы пікірлерін қалдыруда. Көпшілік бұл жазбаны қазақы отбасы құндылықтарының көрінісі ретінде бағалап отыр.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова — танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, көпбалалы ана. Ол тек өнерімен ғана емес, отбасылық өмірдегі ұстанымымен де көпке үлгі болып келеді.