Банк мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын емделуге пайдалану бойынша өтінімдер қабылданбайды.
Қазіргі таңда өтініш қабылдаудың қайта қашан басталатыны белгісіз. Бұл жөнінде қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны айтылды.